11.10.11

МАЗҺАБҚА СОҚЫР ІЛЕСУ ЖАЙЫНДА

Бұл тақырыпта ғалымдарға және сенімді хадистерге анық қайшы келген кезде белгілі бір ғалымның ізінен соқыр еретін көптеген мұсылмандардың шектен шығуы туралы аса маңызды сөздерді қозғау керек, себебі ғалымдардың ішінде бірде-бір қате жібермейтін адам болмайды.
Ислам – бұл ұстамды дін, әрі онда шектен шығуға орын жоқ. Ғалымдардың орнын білу, әрі оларды құрметтеу дегеніміз – оларға соқыр еру дегенді білдірмейді. Имамдар айтқандай, ғалымдар бізге Құран мен Сүннетті дұрыс түсіну үшін керек, олардың соңынан соқыр ілесу үшін емес.
Имам әш-Шәфи’и өзінің ұлы сөздерін айтқан болатын: “Фәқиһтердің сөздері мен олардың пайымдауларын қолдану – бұл тек су жоқ кезде ғана қолдануға болатын таяммум секілді. Егер белгілі бір мәселеде Құран, Сүннет және сахабалардың сөздері тура бір мағыналы мәтінде келсе, онда бұл мәтіндермен қолдану міндетті (уәджиб) болып табылады және белгілі бір ғалымның сөзіне бола олардан бас тартуға рұқсат етілмейді!” Қараңыз: “әр-Рисалә” 599.
Имам әш-Шәтыби шындық айтты: “Егер шариғат үкімдерін тану барысында ғалымдарды құрал ретінде алудың орнына мақсат ретінде алсақ, онда біз адасамыз”. Қараңыз: “әл-И‘тисам” 2/872.
Мұсылмандардың арасында кейбір имамдарды шектен тыс ұлықтап, оларға қарсы титімдей сын айтқызбай, әрі белгілі бір ғалымның соңынан еруге шақырады, тіпті оның пікірін пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзінен де жоғары қоюға дейін барады.
Білім талап етіп жүрген мұсылман өзінің шейхының жақтаушысы болып, тек оның сөздері мен көзқарасы ғана ақиқат деп есептей отырып, жұртты фанаттық дәрежеде өзінің ұстазына шақыратынын өте жиі кездестіруге болады. Мұның барлығы терең адасу және Аллаһ елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа адамдармен мұндай қарым-қатынаста болмауы керек.
Шейхул-Ислам Ибн Тәймия айтады: “Кімде-кім өзіне бір адамды таңдап алып, әрі достық немесе қастық мәселесін оның сөзімен, ісімен өлшесе, онда «олар діндерін бөлшектеп, топтарға бөлінгендер» деген адамдардың қатарынан болады”. (әр-Рум сүресі, 31-аят). Қараңыз: “Фәтәуәл-кубра” 2/239.
Шейх әл-Әлбәниден: “Белгілі бір ғалымның сөзін ұстанатын жастар бар, ал басқа бір жастар өзге ғалымның пікірін ұстанады, нәтижесінде олар бұны әртүрлі ағымдарға ұқсатып, бір-бірін жек көре бастайды”, - деп сұрады. Сонда ол: “Мұндай нәрсе Исламда рұқсат етілмеген! Біз әрдайым Исламда сектанттық рұқсат етілмейді, әрі мұндай шектен шығушылық Исламда тыйым салынған деп айтамыз: біреулері тек бір ғана ғалымның пікірін ұстанады, ал басқалары өзге бір ғалымның пікірін ұстанады. Алайда, пайғамбарлар мен елшілерге қарағанда ешбір ғалым қателіктен сақтандырылмаған. Әрбір мұсылман бір-біріне сүйіспеншілік пен ықыластылық таныта отырып өмір сүру қажет және осы өмірдегі ешбір адамға беріліп, оған соқыр еруден аулақ болу керек, тек бір адамнан басқа, ол – Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)!” – деп жауап берді. Тыңдаңыз: “Силсиләтул-худа уә-ннур” № 573.
Салим ибн ‘Абдуллаһ айтады: “Бір күні мен Ибн ‘Умармен бірге мешітте отыр едім, оған Шам аймағынан белгісіз бір адам келіп, ‘умраның хаджға дейін (хадж әт-тамәтту’) жасалуын сұрады. Ибн ‘Умар: “Бұл жақсы, керемет іс”, - деді. Әлгі кісі: “Тіпті сіздің әкеңіз (‘Умар ибн әл-Хаттаб) бұны тыйым салған болса да ма?” – деп сұрады. Сонда Ибн ‘Умар былай деді: “Саған қасірет болсын! Егер Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі жасаған және өзгелерге жасауға бұйырған нәрсені менің әкем тыйым салса, қайсысына бағынасың: әкеме ме әлде Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығына ма?!” Әлгі кісі: “Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығына”, - деп жауап берді”. Ахмад 5700, Әбу Я’лә 3/1317. Иснадтың сенімділігін иман ән-Нәуәуи растады.
Егер сахабалардың ішінде ең білімділерінің бірі болған ‘Умардың сөзіне осылай деп жатса, онда қалған адамдардың сөздері туралы не айтуға болады? Тағы да Ибн ‘Умар былай дейді: “Кімде-кім Сүннетке қарсылық көрсетсе, күпірлік (куфр) көрсеткені”. әс-Сирадж 21/122. Шейх әл-Әлбәни иснадын сенімді деді.
Ахмад ибн Ханбал айтады: “Мені адамдардың хадистің иснады мен оның сенімділігі турады хабардар бола тұра, соған қарамастан Суфьян әс-Сәуридің пікіріне еретіні қатты таң қалдырады. Аллаһ Тағала былай дейді: «Сондықтан пайғамбардың әміріне қарсы келгендер, өздеріне бір фитна жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын» (ән-Нур сүресі, 63-аят) Ал сен фитнаның не екенін білесің бе? Фитна – бұл ширк. Бұл егер кімде-кім пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзінің тіпті бір бөлігін жоққа шығарса, оның жүрегіне адасушылық кіреді де, ол құриды дегенді білдіреді”. Қараңыз: “әл-Ибәнә” 1/260.
Имам Ахмад тағы былай дейді: “Кімде-кім Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисін теріске шығарса, ол құрдымға кеткелі тұр”. Ибн әл-Джәузи 182.
Осы келтірген имам Ахмадтың сөздерінде, сенімді мәтіндерден бас тарту – адамды күпірлікке апаратын жүректің адасушылыққа әкелетінін көрсетеді.
Имам әт-Тохәуи айтады: “Тереңге үңілмейтін, әрі ақымақ адамнан басқа ешкім соқыр еліктемейді”. Қараңыз: “Расмул-муфти” 1/32.
Хафиз әс-Суюты айтады: “Шынында, соқыр еретін адам – ғалым деп аталмайды!” Қараңыз: “Шәрх Сунән Ибн Мәджәһ” 1/70.
Имам Ибн Хазм айтады: “Шынында, оған соқыр ілесетін ғалымдардың өздері соқыр ілесудің (тақлид) дұшпаны болған. Ғалымдар өздерінің жақтастарына өзінің пікіріне соқыр ілесуге тыйым салатын еді. Осы тұрғыда имам әш-Шәфи’и, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын, ең ынталы болды, себебі ол басқаларға қарағанда өте жиі, әрі жүйелі түрде сенімді хабарларға және дәлелге сәйкес келетінін қабылдаудың міндетті екенін ескертетін. Сонымен қатар, ол өзіне соқыр ілесетіндерге дұшпан болып, айналасындағыларды бұдан сақтандырды. Аллаһ Тағала оған осы ісі үшін Өз мейірімін төксін, әрі оның сауабы өте көп қылсын, өйткені ол ұлы игіліктің себепкері болды!” Қараңыз: “Усулюл-әхкәм” 6/118.
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Қиямет Күнінің белгілерінің бірі – білім кішілерден алынатын болады». Ибн әл-Мубәрак 61, әт-Табәрани 908. Хадистің сенімділігін хафиз ‘Абдул-Ғанни әл-Мәқдиси мен шейх әл-Әлбәни растады.
Имам әл-Ләләкәи бұл туралы былай деді: “Егер кіші пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), сахабалардың және табиғиндердің сөздерін алатын болса, онда ол – үлкен, егер үлкен шейх Сүннетті қалдырып, Әбу Ханифаның сөзін алатын болса, онда ол - кіші”. Қараңыз: “Шәрху усули-Ссунна” 1/85

Комментариев нет:

Отправить комментарий