8.11.12

Мұхаммед Насыруддин әл-Альбани - қысқаша өмірбаян

Әбу Абдуррахман Мұхаммед Насыруддин ибн әл-Хадж Нух ибн Нәджәти ибн Адам әл-Альбани әл-Арнаути (араб.: محمد ناصر الدين ابن الحاج نوح ابن نجاتي ابن آدم الألباني الأرناؤوطي‎) (1914 - 1999) - мұсылман әлеміне танымал хадис ілімінің зерттеушісі; хадистерді зерттеу және басқа да шариғат ғылымдарына арналған көптеген еңбектің авторы.

Жастық шағы және білім ізденуі


Насыруддин әл-Альбани Албания мемлекетінің ескі астанасы Шкодерде діни отбасыда дүниеге келген. Оның әкесі Стамбұл қаласында шариғи білім алып, ханафи мәзһабының ғұламаларының қатарында болған. Билікке секуляризмді жақтаған Ахмед Зогудың келуіне байланысты, дін амандығын сақтау үшін оның әкесі жанұясымен бірге Дамаскқа қоныс аударуға мәжбүр болады. Бастапқы білімді мектепте алып, оқуды әксінің қарамағында жалғастырады. Тәджуид (Құран оқу әдістемесі), араб тілінің грамматикасы мен морфологиясын, ханафи мәзһабының фиқһын уйреніп, Хафс ибн Асым риуаяты бойынша Құранды толығымен жаттап, әкесіне тапсырады. Сонымен қатар шейх Саид әл-Бурһаниден ханафи мәзһабының фиқһынан "Марақи әл-Фаләх" кітабін өтіп, араб тілі мен шешендік (баләға) туралы кітаптарын оқиды. Мұхаммед Баһджат әл-Байтар мен Иззуддин әт-Танухидың сабақтарына қатысады. Әкесінен сағат жөндеу кәсібін уйренеді де, шеберлігімен танымал болып, осы істі табыс көзі қылады.[1]

Хадис ілімін уйренуі


Әкесінің хадис ғылымдарын зертеуге қарсылғына қарамастан, Мұхаммед Рашид Ридоның әл-Манар газетінде жариялаған әл-Ғазалидің "Ихйа улум әд-дин" кітабының хадистерін зерттеуге арналған мақалаларынан әсерленіп, шариғаттың осы саласына көңіл бөле бастайды. Оның осы тақырыптағы алғашқы еңбектерінің бірі хафиз әл-Ирақидың 5000 астам хадисен тұратын "Әл-муғни ан хамли әл-асфар фи тахриджи ма филь-ихйа әл-ахбар" кітабын тексеру мен ескертулер жазу болды. Осы сәттен бастап хадис ғылымын зерртеу әл-Альбанидің басты еңбегіне айналады. Асқан зеректілігі мен есте сақтау қабілетін байқаған Халеб қаласының ғалымы шейх Мұхаммед Рағиб әт-Таббах оған өзінің "Әл-ануар әл-джалийа фи мухтасар әл-асбат әл-халәбийа" кітабындағы хадистерді риуаят етуге рұқсат (иджаза) береді. Шейх әл-Альбанидің хадис ғылымына берілгені соншалықты, әз-Заһирийа кітапханасының басқарушылары оған жеке бөлме арнап, кітапхананың кілтін береді.[2]



Сабақ бере бастауы


Шейх әл-Альбани жетісіне екі рет студенттер мен университет ұстаздарына сабақ бере бастайды. Ол дәріс берген кітаптардың тізімі:


Сонымен қатар шейх әл-Альбани Сирияның, одан кейін Иорданияның көптеген аудандарын аралап, сабақ беретін болды. Мысыр, Қатар, БАӘ, Кувейт, Испания және Англия мемлекеттеріне білім тарату мақсатында сапар шекті. Һижри жыл санағымен 1381-1383 жж. Сауд Арабиясының Медине қаласындағы Ислам университетінде сабақ беріп, ол жақтағы хадис ғылымының деңгейін біршама көтеріп кетеді.

Мансабтары мен атақтары


  • 1955 ж. Дамаск Университетінің Шариғат факультеті Ислам фиқһы бойынша энциклопедия шығаруға дайндалып, шейх әл-Альбаниге сауда-саттық мәселесіндегі хадистерді тексеруге тапсырады. Содан кейін ол Сүннет туралы кітап шығару және ондағы хадистерді тексеру мен айналысатын Хадис комитетінің мүшесі болып тағайындалады.
  • Шейх әл-Альбанидің Исламға мол пайда әкелген қызметін мойындау ретінде, ол Медине қаласының Ислам Университетінің профессоры атанады.
  • Шейх әл-Альбани Үндістанның Бенарес қаласының университетіне хадис бойынша ұстаздық етуге шақырылады.
  • Һиджри 1388 ж. шейх әл-Альбаниді Сауд Арабиясының білім министрі шейх Хасан ибн Абдуллаһ Әли-Шейх Мекке университетіне білім беруге шақырады.
  • Һиджри 1395-1398 жж. Медине Ислам университетінің Үлкен мәжілісіне мүше болады.
  • "Ғылыми ізденіс және пәтуа беру" басқармасының төрағасы шейх Абдуль-Азиз ибн Баз шейх әл-Альбаниді Мысыр, Мағриб елдерінде және Ұлыбитанияда таухидке, Құран мен Сүннетті ұстануға және шынайы Ислам жолына шақыруға тағайындайды.
  • 1999 ж. ғылыми еңбектері үшін патша Фейсал атындағы Ислам зерттеулеріне арналған бүкіләлемдік марапат беріледі.

Дүниеден озуы


Денсаулығы күрт жамандап, 1999 ж. қазан айының 2-ші жұлдызында, шейх Насыруддин әл-Альбани құптан намазынан кейін 87 жасқа жетіп, Иорданияның астанасы Амман қаласында жан тапсырады. Алдын ала жазған өсиетінде ол өзін Сүннетке сәйкес тез арада жерлеуін тапсырады. Оның жаназасына 5 мыңнан астам адам қатысты.[3] [4]

Шәкірттері


Насыруддин әл-Альбанидің көптеген шәкірттері болды. Олардың ең танымалдары:


Ғылыми еңбектері мен кітаптары


Шейх әл-Альбани өзінен кейін 300-ден астам хадис пен оның ғылымдарына, дұрыс Ислами сенім мен тура жол мәселелеріне арналған еңбек қалдырды.

  • Сильсиля әл-ахадис ас-сахиха (Сахих хадистер жинағы араб.: سلسلة الأحاديث الصحيحة‎)
  • Сильсиля әл-ахадис ад-даифа (Әлсіз хадистер жинағы араб.: سلسلة الأحاديث الضعيفة‎)
  • Ируа уаль-ғалиль фи тахридж ахадис манар әс-сабиль (араб.: إرواء الغليل في تخرج أحاديث منار السبيل‎)
  • Тамам әл-минна фи-ттағлиқ алә фиқһ әс-сунна (араб.: تمام المنة في التعليق على فقه السنة‎)
  • Мухтасар әл-улу лиль-Әлий әл-Ғаффар (Хафиз әз-Заһаби кітабының қысқатрылып, тексерілген нұсқасыараб.: تحقيق مختصر العلو للعلي الغفار ‎)
  • Сыфат салят ән-нәбий (Пайғамбар (ғалейһиссәләм) намазының сипаты араб.: صفة صلاة النبي صلى الله عليه وسلم‎)
  • Имам Әбу Дәудтің "Сунан" кітабындағы әлсіз (даиф) және сенімді (сахих) хадистерді анықтап, Даиф Сунан Әбу Дәуд және Сахих Сунан Әбу Дәуд атты жинақтар жазды
  • Имам әл-Бұхаридің "Әдаб әл-Муфрад" кітабындағы әлсіз (даиф) және сенімді (сахих) хадистерді анықтап, Даиф Әдаб әл-Муфрад және Сахих Әдаб әл-Муфрад атты жинақтар жазды

Әртүрлі кітаптар, мақалалар мен ғылыми зерттеулер мен қатар, көптеген кітаптар мен хадистердің түсініктемелері, пәтуалары аудио-таспаларға жазылып, шейхтің ізбасарларына ғалымның мол мұрасына қол жеткізуге мүмкіндік берді.


Ол туралы мұсылман ғалымдарының сөздері


  • Шейх Мұхаммед әл-Усәймин ол туралы былай деген:
    Шейх әл-Альбани – әһлі-Сүннет адамы, Сүннетті қорғаушы, хадис ғылымның имамы, және біздің заманымызда онымен теңдесетін адамды білмейміз. Алайда, кейбір адамдардың жүрегіне, олар адамның қабілеттерін көрген кезінде, өшпенділік ұялап, олар, кезінде аз да, көп те мөлшерде садақа беретін мүминдерді тәлкек қылған екіжүзділер сияқты, ол туралы жаман сөздер тарата бастады. Бұл адамды біз оның кітаптары арқылы білеміз, және мен оны ол өткізген мәжілістерден білемін. Ол — дұрыс жолмен (мәнһадж) жүруші, ақидасы бойынша сәләфи.[5]
  • Шейх Ибн Баз ол туралы:
    Мен қазіргі кезде аспан астында әл-Әлбәниден көбірек білетін адамды білмеймін![6]
  • Шейх Салих Әли Шейх ол қайтыс болғанда:
    Атақты ғалым Мухаммад Насыруддин әл-Альбанидің қазасы қайғы болып табылатынына еш күмән жоқ, өйткені ол – Аллаһ Тағала ол арқылы бұл дінді қорғайтын және Сүннетті тарататын Ислам үмметінің қатарынан болған ғалым, мухаддистердің мухаддисі еді![7]

Дереккөздер


  1. http://www.alalbany.net/albany_serah.php ولد الشيخ محمد ناصر الدين بن الحاج نوح الألباني عام 1333 ه الموافق 1914 م في مدينة أشقودرة عاصمة دولة ألبانيا - حينئذ - عن أسرة فقيرة متدينة يغلب عليها الطابع العلمي، فكان والده مرجعاً للناس يعلمهم و يرشدهم.
  2. http://www.alalbany.net/albany_serah.php على الرغم من توجيه والد الألباني المنهجي له بتقليد المذهب الحنفي و تحذيره الشديد من الاشتغال بعلم الحديث، فقد أخذ الألباني بالتوجه نحو علم الحديث و علومه، فتعلم الحديث في نحو العشرين من عمره متأثراً بأبحاث مجلة المنار التي كان يصدرها الشيخ محمد رشيد رضا (رحمه الله) و كان أول عمل حديثي قام به هو نسخ كتاب "المغني عن حمل الأسفار في تخريج ما في الإحياء من الأخبار" للحافظ العراقي (رحمه الله) مع التعليق عليه.
  3. http://www.islamhouse.com/p/79596 www.islamhouse.com сайтындағы шейх әл-Альбанидің өмірбаяны
  4. http://islamic.kz/books/luchshie/ulyama/muxammad-nasyruddin-al-albani.html Islamic.kz сайтындағы шейхтің өмірбаяны
  5. "Тасджиләт маджәлис әл-һудә", 5-ші кассета
  6. http://books.google.kz/books/about/%D9%83%D9%88%D9%83%D8%A8%D8%A9_%D9%85%D9%86_%D8%A3%D8%A6%D9%85%D8%A9_%D8%A7%D9%84%D9%87%D8%AF%D9%89_%D9%88%D9%85.html?id=FLIGtwAACAAJ&redir_esc=y "Кәукаба мин аиммат әл-һуда", 227-ші бет
  7. "Кәукаба мин аиммат әл-һуда", 252-ші бет
Қазақша Уикипедиядан алынған

Комментариев нет:

Отправить комментарий