8.11.12

Мұхаммед Насыруддин әл-Альбани - қысқаша өмірбаян

Әбу Абдуррахман Мұхаммед Насыруддин ибн әл-Хадж Нух ибн Нәджәти ибн Адам әл-Альбани әл-Арнаути (араб.: محمد ناصر الدين ابن الحاج نوح ابن نجاتي ابن آدم الألباني الأرناؤوطي‎) (1914 - 1999) - мұсылман әлеміне танымал хадис ілімінің зерттеушісі; хадистерді зерттеу және басқа да шариғат ғылымдарына арналған көптеген еңбектің авторы.

Жастық шағы және білім ізденуі


Насыруддин әл-Альбани Албания мемлекетінің ескі астанасы Шкодерде діни отбасыда дүниеге келген. Оның әкесі Стамбұл қаласында шариғи білім алып, ханафи мәзһабының ғұламаларының қатарында болған. Билікке секуляризмді жақтаған Ахмед Зогудың келуіне байланысты, дін амандығын сақтау үшін оның әкесі жанұясымен бірге Дамаскқа қоныс аударуға мәжбүр болады. Бастапқы білімді мектепте алып, оқуды әксінің қарамағында жалғастырады. Тәджуид (Құран оқу әдістемесі), араб тілінің грамматикасы мен морфологиясын, ханафи мәзһабының фиқһын уйреніп, Хафс ибн Асым риуаяты бойынша Құранды толығымен жаттап, әкесіне тапсырады. Сонымен қатар шейх Саид әл-Бурһаниден ханафи мәзһабының фиқһынан "Марақи әл-Фаләх" кітабін өтіп, араб тілі мен шешендік (баләға) туралы кітаптарын оқиды. Мұхаммед Баһджат әл-Байтар мен Иззуддин әт-Танухидың сабақтарына қатысады. Әкесінен сағат жөндеу кәсібін уйренеді де, шеберлігімен танымал болып, осы істі табыс көзі қылады.[1]

Хадис ілімін уйренуі


Әкесінің хадис ғылымдарын зертеуге қарсылғына қарамастан, Мұхаммед Рашид Ридоның әл-Манар газетінде жариялаған әл-Ғазалидің "Ихйа улум әд-дин" кітабының хадистерін зерттеуге арналған мақалаларынан әсерленіп, шариғаттың осы саласына көңіл бөле бастайды. Оның осы тақырыптағы алғашқы еңбектерінің бірі хафиз әл-Ирақидың 5000 астам хадисен тұратын "Әл-муғни ан хамли әл-асфар фи тахриджи ма филь-ихйа әл-ахбар" кітабын тексеру мен ескертулер жазу болды. Осы сәттен бастап хадис ғылымын зерртеу әл-Альбанидің басты еңбегіне айналады. Асқан зеректілігі мен есте сақтау қабілетін байқаған Халеб қаласының ғалымы шейх Мұхаммед Рағиб әт-Таббах оған өзінің "Әл-ануар әл-джалийа фи мухтасар әл-асбат әл-халәбийа" кітабындағы хадистерді риуаят етуге рұқсат (иджаза) береді. Шейх әл-Альбанидің хадис ғылымына берілгені соншалықты, әз-Заһирийа кітапханасының басқарушылары оған жеке бөлме арнап, кітапхананың кілтін береді.[2]